Қазақстан жаңалықтар
17 марта 2022, 12:03
Майнингке арналған құрылғыларды әкету әрекетінің жолы кесілді
Ақтөбе облысы бойынша департаментінің шекарашылары «Жайсаң» автомобиль өткізу пунктінде ҚР-дан Ресей Федерациясына шығатын жерде «DAF» маркалы автокөлікті ұстады. Көлік құралын толық тексеру кезінде ҚР-дан ілеспе құжаттары жоқ саны 813 қорап қоректендіру кабельдері бар «Avalon» майнингке арналған жабдығы табылды, хабарлайды ҚР ҰҚК баспасөз қызметі.
Алдын ала бағалау бойынша ұсталған жүктің құны шамамен 80 млн теңгені құрайды.
Барлық техника процессуалдық шешімдер қабылдау үшін Ақтөбе облысы бойынша ЭТД-ға тапсырылды.
Вам может быть интересно: «Генсек ООН призвал мир не бросать Йемен в трудную минуту»
Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент
текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Больше на Forbes