Қазақстан жаңалықтар
17 марта 2022, 11:18
Ақтөбе облысында 80 млн теңгенің майнингке арналған құрылғыларын алып бара жатқандар ұсталды
Шекарашылар Ақтөбе облысындағы «Жайсаң» автомобиль өткізу пункті арқылы Қазақстаннан Ресейге шығатын жерде «DAF» маркалы автокөлігін ұстады, деп хабарлайды ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі.
Көлік құралын толық тексеру кезінде ҚР-дан ілеспе құжаттары жоқ саны 813 қорап пен арнайы кабельдері бар «Avalon» майнингке арналған құрылғы табылды.
Алдын ала бағалау бойынша ұсталған жүктің құны шамамен 80 млн теңгені құрайды.
«Барлық техника процессуалдық шешімдер қабылдау үшін Ақтөбе облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментіне тапсырылды»,-делінген ҚР ҰҚК баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
Вам может быть интересно: «Инфраструктуре Украины уже нанесен ущерб на $100 млрд»
Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент
текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Больше на Forbes