Қазақстан ұлттық құрамасы Халықаралық теннис федерациясы (ITF) Дэвис кубогы рейтингісіндегі көрсеткішін жақсартты, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.
Ұлттық құрама 13-орыннан 9-сатыға көтерілді. Осылайша Қазақстан құрамасы үздік ондыққа кірді. Бұл Дэвис кубогы іріктеу кезеңінде Норвегия құрамасын жеңуі арқасында мүмкін болды. Сөйтіп әлем чемпионатының финалдық кезеңіне жолдама алған еді.
Дэвис кубогының финалдық кезеңі биыл қыркүйек айында, плей-офф бәсекелері қарашада өтеді. Финал мен плей-офф ойындары болатын қалалар наурыздың аяғы не сәуірдің басында анықталады.
Вам может быть интересно: «Алматыдағы жаппай тәртіпсіздіктер кезінде қала әкімдігін басып алуға қатысқан 2 шетелдік ұсталды»
Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент
текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Больше на Forbes