Жастар кадрлық резервінің мүшесі Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің аппарат басшысы болып тағайындалды
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Кадр саясаты жөніндегі ұлттық комиссиямен келісім бойынша Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Төрағасының бұйрығымен аппарат басшысы лауазымына Ахмедьяров Әлібек Ғазизұлы тағайындалды.
Ахмедьяров Ғазиз Әлібекұлы — 2019 жылғы Президенттік Жастар кадрлық резервінің мүшесі.
Ғ.Ә. Ахмедьяров еңбек жолын Индустрия және сауда министрлігінде Заң департаментінің сарапшысы қызметінен бастады.
Білім және ғылым министрлігінде, Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінде, Инвестициялар және даму министрлігінде, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесінде түрлі қызметте еңбек етіп, Сыртқы істер министрлігінде Заң қызметі департаментінің директоры қызметін атқарды.
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін және Оңтүстік Калифорния университетінің магистратурасын (құқық магистрі) бітірген.
Вам может быть интересно: «Алматыдағы жаппай тәртіпсіздіктер кезінде қала әкімдігін басып алуға қатысқан 2 шетелдік ұсталды»