Қазақстан жаңалықтар
9 марта 2022, 12:48
Андрей Карпович Қазақстан ұлттық құрамасының тізгінін ұстады
Ұлттық құраманың бас бапкерінің міндетін атқарушы болып Андрей Карпович тағайындалды, деп хабарлайды kff.kz.
Андрей Владимирович қазақстандық жанкүйерлеріне жақсы таныс. Ол ұлттық құрамада ең көп матч (55) өткізген ойыншылардың бестігіне кіреді. Бірнеше рет капитан ретінде алаңға шыққан болатын.
Карпович өзінің клубтық мансабында «Елім-ай», «Ертіс», «Қайрат», «Локомотив», «Ордабасы», «Шахтер», «Атырау», «Алтай», сондай-ақ, ресейлік «Ростсельмаш» және мәскеулік «Динамо» командаларында ойнады.
Карпович бапкерлік мансабын «Қайрат» жүйесінде бастап, одан кейін 2 жыл «Оқжетпесті» жаттықтырды. 2021 жылдың басынан «Қызыл-Жардың» бас бапкері.
Жаңа бас бапкердің командасы үшін алғашқы сынақ 24 наурызда Молдова құрамасына қарсы болады.
Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент
текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Больше на Forbes