Алматыда бастауыш сынып оқушыларына тегін тамақ беріледі

Алматыда 40-тан астам көпбалалы ана, азаматтық белсенділер, тұрмысы төтен халықпен жұмыс істейтін үкіметтік емес ұйымдардың басшылары қала әкімі Ерболат Досаевпен кездесті.

Қала әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, талқылау барысында мектепке дейінгі сапалы және орта білім алуға, медициналық қызметтерге, жеңілдетілген ипотека беру мәселелері талқыланды. Көпбалалы отбасылармен және ерекше қажеттілігі бар балалармен жұмыс істейтін үкметтік емес ұйымдар арасындағы жұмыс барысы сөз болған.

Тағы бір мәселе – балаларды әлеуметтік мәртебесіне қарамастан, ыстық тамақпен қамтамасыз ету және рационның сапасын арттыру. Осы ұсынысқа Ерболат Досаев мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Балалар жылы аясында әкімдік қажетті жұмыс жүргізгенін айтты.

Осылайша 2022 жылдың 1 қыркүйегінен бастап Алматы мемлекеттік мектептерінің барлық бастауыш сынып оқушысы (1-4 сыныптар) әлеуметтік мәртебесіне қарамастан тегін ыстық тамақпен қамтылады.

"Балалардың сапалы тамақтануын ұйымдастыру үшін білім басқармасы әртүрлі рационды құру мәселесін пысықтады. Қаржыландыру мәселесі жергілікті бюджетті нақтылау үшін 4 наурызда мәслихатта қаралады", - деді Ерболат Досаев.

Кездесуде мектепте оқушы орнының жетіспеушілігі және балабақшаларға кезек тақырыбы талқыланды. Қазір қалада мектептерде 19 611 орын және балабақшаларда 41 080 орын жетіспейді. Бала туудың жоғары болуына және халықтың мегаполиске белсенді көшуіне байланысты жыл сайын өсім тиісінше 15 мың және 8 мың балаға жетеді.

"Алматыда мектептер мен балабақшаларды салуға бос жерлер мүлдем жетіспейді, ал құрылыс қарқыны тек жыл сайынғы өсімді жабуға мүмкіндік береді", - деп атап өтті қала басшысы. Айтуынша, биыл мектептерде 15 461 орынға және балабақшаларда 39 520 орын тапшылығы жойылуы мүмкін.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте