Қазақстанда «Спутник Лайт» вакцинасы өндіріле бастады

Қазақстандық фармацевтикалық компания бір компонентті "Спутник Лайт" вакцинасын өндіре бастайды, деп хабарлайды Sputnik.

"Вакцинаның валидациялық партиясы Қарағанды фармацевтикалық кешенінде өндіріліп, Ресейге сапаны бағалау мақсатында жіберілді. Коронавирусқа қарсы "Спутник V" вакцинасының алғашқы партиясы да осы кешенде шығарылған болатын", - деп хабарлады фармацевтикалық зауыттың баспасөз қызметі.

Келесі қадам – халықты ревакцинациялауға арналған "Спутник Лайт" препаратын өндіру.

2021 жылдың ақпан айынан бері вакциналауға 7 млн доза препарат жөнелтілді.

 

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте