Қазақстан жаңалықтар
3 марта 2022, 13:35
Тоқаев: Владимир Путинге Украинадағы жағдай бойынша келіссөз арқылы келісімге келу аса маңызды екенін айттым
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев кешегі Ресей Президенті Владимир Путинмен болған әңгіме жайында пікір білдірді
«Президент Владимир Путинмен сауда-экономикалық қатынастарды дамыту мәселелері жөнінде сөйлестім. Украинадағы жағдай бойынша келіссөздер арқылы келісімге келу аса маңызды екенін айттым» деп жазды Мемлекет басшысы Twitter парақшасында.
Еске сала кетейік, кеше Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ресей Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлескенін хабарлаған болатынбыз.
Мемлекеттер басшылары екі елдің экономикалық жағдайы мен сауда-экономикалық саладағы екіжақты ынтымақтастық жөніндегі мәселелерді талқылады.
Вам может быть интересно: «Канада ввела новые санкции против России»
Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент
текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Больше на Forbes