Aspan Gallery-да Сергей Масловтың «Түс аулаушы» атты жеке көрмесі ашылды

Aspan Gallery Алматыда Сергей Масловтың (1952-2002) 10 жыл ішіндегі алғашқы жеке көрмесін ашты.
Сергей Маслов Орталық Азиядағы заманауи өнердің негізін қалаушылардың бірі саналады: ол 80-
жылдары андеграунд көрмелеріне қатысты, перформанстар мен акциялар өткізді, инсталляциялар
әзірлеп, романдар жазды және өмір бойы көркем суретке адал қалпынан таймай өтті.

Масловтың шығармашылығынан суретші үшін ұлттық жаңғырудағы патриархал официоз дискурсты сынаудағы өзіндік мотив болған эзотерика тақырыбын көруге болады.

Көрменің кураторлары – танымал қазақстандық суретшілер және Масловтың достары Елена және Виктор Воробьевтар.

Елена Воробьева: «Біз «Түс аулаушы» деп атаған көрме – Сергей Масловпен жолығудағы, оны
«аспан сферасынан» біздің жайлы деуге келе бермейтін жер бетіне шақырудағы кезекті
талпынысымыз. Сергейдің қайтқанына жиырма жыл, тірі болса, жетпіске келер еді. Осы жиырма
жылда қанша дүниені ойлап тауып, шығарып, қанша күлкі, қанша реніш, толқудан өтер еді... Алайда
бізде тек оның қалдырып кеткен мұрасы бар және мұны аз деп айтуға қақымыз жоқ».

Көрме үшін арнайы Масловтың мәтіндерден, журнал қиындыларынан, америкалық әнші, суретшінің
кумирі болған Уитни Хьюстонның портретінен және Хьюстон қатысуымен түсірілген «Оққағар»
кинофильмінің видеомонтажынан тұратын «2003 жыл» атты бағдарламалық инсталляциясы қалпына
келтірілді. Өкінішке қарай, Маслов видеосының түпнұсқасы жоғалған болатын. Ол 1998 жылы Алматыда Соростың заманауи өнер орталығының (СЗӨО) «Өз-өзін тану: футурологиялық болжамдар» атты Алғашқы жылдық көрмесінде инсталляцияның бір бөлігі ретінде қойылған болатын.

«Түс аулаушы» көрмесінде түпнұсқа концепцияға сәйкес видеомонтаж реконструкция ұсынылып отыр. Маслов салған Хьюстонның «Менің Уитниім» атты атақты портреті Алматыдағы көрме үшін Семейдегі Невзоровтар отбасы атындағы Бейнелеу өнері музейінен жеткізілді. Жоба аясындағы басқа жұмыстардың қатарында Масловтың суреттері, картиналары, литографиялары және объектілері, сондай-ақ Алматыдағы алғаш көрсетілетін, киіз үй-ракета мен слайд-шоудан тұратын «Байқоңыр-2» инсталляциясының реконструкциясы болмақ.

Көрмеде бұдан бөлек Масловтың тағы бір объектін – суретшінің өз көркем суреттерінен құраған
«Инаконабула» кітабын тамашлау мүмкіндігі бар. Бұл объект тұңғыш рет 2001 жылы Алматыда «Рух
тойы» атты СЗӨО көрмесінде таныстырылды. Шара аяқталған соң СЗӨО экспонаттарды Павлодар облыстық көркем өнер музейіне тапсырған болатын. Инаконабула Алматыда 20 жылда бірінше ретінде ел алдына шығып отыр.

Көрме вернисажы кезінде Масловтың қазақстандық танымал Меццо тобының қатысуымен «Бұрынғы
КСРО азаматтарына арналған тірі қалу туралы нұсқаулық» перформансы өтті. Перформанс қатал
қоршаған орта жағдайында өмір сүрудың балама жолын ұсынады. Ол 1998 жылы Алматыда Қазақс
Бизнес Клубында көрсетілген болады. Кеш барысында Маслов шақырған қонақтар жас опера әншісінің
орындауында италиялық ария тыңдады. Шығарма аяқталған соң әнші суретшінің мәтіні берілген
«Бұрынғы КСРО азаматтарына арналған тірі қалу туралы нұсқаулық» үнпарақтарын суырып алып,
жиналған елге шашып жіберген болатын. «Нұсқаулықта» 90-жылдардағы экономикалық депривация
жағдайында кеңсе жиһазын сату және бөтелке өткізу секілді бірқатар күлкілі кеңес жазылған еді.
Көрме аясында бірнеше кітап жарияланып, қайта басылып шықты.

Соның бірі – «Маслов» кітабы. Онда Маслов туралы ең үздік мақала байқауының қатысушыларының материалдары берілген. Байқауды 1996 жылы «Вояджер» галереясы өткізді. Теріден жасалған көк мұқабалы кітап әуеліде 15 данамен ғана жарық көрген болатын. Биыл ол түпнұсқа шрифтілерді және бірізділікті, сондай-ақ Масловтың суреттерін сақтай отырып, «Түс аулаушы» көрмесінің кураторы Елена Воробьеваның жаңа мәтінімен толықтырылып жарияладаны.

Сондай-ақ көрмеге орай Масловтың «Жұлдызды көшпенділер» атты аяқталмаған романы және өнертанушы Алексей Улько мен Елена Воробьеваның мақалалары бар каталог жарық көреді. 

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте