Запастағы офицерлер әскери қызметке шақырылады

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысына сәйкес 2022 жылы әскери қызметке жарамды және одан өтпеген запастағы офицерлер екі жыл мерзімге әскери қызметке шақырылатын болады, деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Запастағы офицерлерді шақыру жыл сайын жүзеге асырылады. «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» ҚР Заңының 32-бабына сәйкес, әскери қызметке жарамды 29 жасқа дейінгі запастағы офицерлер Үкімет қаулысы негізінде уәкілетті органдардың өтінімдері бойынша бейбіт уақытта офицерлер құрамының лауазымдарында әскери қызмет өткеру үшін шақырылады.

Биыл запастағы 190 офицер, оның ішінде Қарулы күштердің 150 офицері және Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің 40 офицері әскерге шақырылатын болады.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте