Қазақстанда ауыр жүк көліктері үшін шектеу енгізілді

Қазақстанда көктем айларында ауыр жүк көліктерінің қозғалысы шектеледі.

"Көктемгі су тасқыны кезеңінде жол төсемін сақтау мақсатында бір оське 8 тоннадан астам жүктемесі бар жүк және ірі габаритті автокөліктер үшін қозғалысқа шектеу енгізілді", - деп хабарлады индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі.

Осылайша 1 наурыз бен 1 сәуір аралығында Алматы, Атырау, Жамбыл, Қарағанды (Жезқазған өңірі), Қызылорда, Маңғыстау және Оңтүстік Қазақстан облыстары жолдарында ауыр жүк көліктерінің қозғалысы шектеледі.

Сондай-ақ, 23 наурыздан 1 мамырға дейін шектеу Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды (Қарағанды өңірі), Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында енгізіледі.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте