Нұр-Сұлтанда инсульт кезінде жоғары технологияларды қолдану бойынша 100-ден астам операция жасалды

Қала стационарларында инсульт кезінде шамамен 303 нейрохирургиялық операция жасалды, оның ішінде 102-сі (32%) жоғары технологияларды қолдану бойынша іске асырылды. Мұндай мәліметтер елорданың қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының отырысында айтылды, онда медициналық мекемелердің 2021 жылғы қызметінің қорытындысы шығарылды, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

2021 жылдың қорытындысы бойынша елордалық стационарларда инсультпен емделген пациенттердің саны 2020 жылға қарағанда 3%-ға көп болды – 1 777 адам. Жас шамасы бойынша 50 жастан асқан адамдар басым (60%).

Елорданың қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Әлия Рүстемова өлім жағдайларына да тоқталды.

«Өлім-жітім бойынша талдау нәтижесі көрсеткендей, науқастардың 26%-ы (63 науқас) ғана симптомдар пайда болғаннан кейін 4,5 сағат ішінде жеткізілген, оның ішінде 10%-ы (6 науқас) есін жоғалтып, комаға түскен. Тәуліктік өлім-жітімнің артуы көбінесе пациенттердің ауруханаларға ауыр және өте ауыр жағдайда түсуіне байланысты», - деді ол.

МСАК ұйымдарының басшыларына тәуекел тобындағы пациенттерді уақытылы анықтау және оларға тиісті медициналық көмек көрсету кезінде профилактикалық жұмысты бақылауға алу тапсырылды.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте