Қазақстан СІМ басшысы Бразилия Елшісін қабылдады

Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Бразилияның Нұр-Сұлтандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Рубем Барбосамен кездесу өткізді.

Кездесу барысында тараптар екіжақты қарым-қатынастарды одан әрі дамытудың жай-күйі мен перспективаларын талқылады. Елші Бразилиядағы ішкі саяси жағдай туралы егжей-тегжейлі ақпарат берді.

Министр жоғары және аса жоғары деңгейдегі сапарлармен алмасуды жандандыру, сондай-ақ Қазақстан-Бразилия ынтымақтастығының шарт-құқықтық базасын кеңейту жөніндегі нақты ұсыныстарға назар аударды. Екіжақты тауар айналымының көлемін одан әрі арттыру тетіктері айқындалды.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте