Қазақстанның Елшісі мен Германия СІМ-нің Мемлекеттік хатшысы Қазақстанның дамуын талқылады
Қазақстанның Германиядағы Елшісі Дәурен Кәріпов Германияның сыртқы саяси ведомствосының жаңа Мемлекеттік хатшысы Андреас Михаэлиспен кездесті.
Екі ел арасындағы дипломатиялық қатынастар орнауының 30 жылдығына орай ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелері жан-жақты талқыланды. Тараптар экономикалық және ғылыми-білім беру салаларындағы өзара іс-қимылдың елеулі ілгерілеуін және екі мемлекеттің бизнес өкілдері арасындағы байланыстардың ұлғаюын атап өтіп, энергетика саласындағы, оның ішінде Германияның «Жасыл Орталық Азия» бастамасы мен ЖЭК саласындағы басым жобалары жөнінде пікір алмасты.
Сонымен қатар, кездесу барысында Елші Д.Кәріпов ГФР СІМ-нің өкілін еліміздің қазіргі қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық жағдайы туралы, сондай-ақ мемлекет басшылығының тұрақты экономикалық өсуді және қоғамдық әл-ауқатты қамтамасыз ету жөніндегі бастамалары мен шаралары туралы хабардар етті.
Вам может быть интересно: «Алматыдағы жаппай тәртіпсіздіктер кезінде қала әкімдігін басып алуға қатысқан 2 шетелдік ұсталды»