Қазақстан жаңалықтар
17 февраля 2022, 13:35
«Nur Otan» партиясының атқарушы хатшысы Асхат Оралов Үкімет басшысымен кездесті
«Nur Otan» партиясының атқарушы хатшысы Асхат Оралов Үкімет басшысы Әлихан Смайыловпен кездесті.
«Еліміздің Премьер-Министрі Әлихан Смайыловпен кездестім. Өздеріңіз білетіндей, Мемлекет басшысы, партия Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша «Nur Otan» Орталық аппараты Мәжілістегі фракциямен бірлесіп, партияның 2021 жылғы сайлауалды уәделерінің орындалу сапасына талдау жүргізуде.
Кездесу барысында Үкімет мүшелері мен партия органдарының «Nur Otan»-ның республикалық сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі өзара іс-қимыл мәселелерін талқыладық»,-деп жазды Асхат Оралов өзінің Instagram парақшасында.
Вам может быть интересно: «Алматыдағы жаппай тәртіпсіздіктер кезінде қала әкімдігін басып алуға қатысқан 2 шетелдік ұсталды»
Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент
текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Больше на Forbes