Тұрсынбек Нұрқалиев дүниеден өтті

Еліміздің хореография өнерінің тарланы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, "Астна Опера" театры балет труппасының директоры Тұрсынбек Нұрқалиев дүниеден өтті, деп хабарлайды «Астана Опера» баспасөз қызметі.

Балетмейстер 71 жасқа қараған шағында өмірден озды.

«Тұрсынбек Әбдібайұлының есімі қазақстандық балет жылнамасында мәңгілікке жазулы, оның еңбектері өлшеусіз: елордада хореографиялық өнердің негізін қалаушылардың бірі өзі болатын. Оның әлемнің сан алуан сахналарында жасаған бейнелерінің жарқын галереясы шығармашылығына табынушылардың есінде көпке дейін сақталады. Ал қазақстандық әртістердің саңлақтар тобы кезінде шеберден үйренген кәсіби тәжірибені ұрпақтан ұрпаққа жеткізе бермек», - делінген жазбада.

Тұрсынбек Нұрқалиев Б.Асафьевтің «Бақшасарай бұрқағы», П. Чайковскийдің «Щелкунчик» және «Аққу көлі», Л. Минкустың «Баядерка», А. Аданның «Жизель» және т. б. балеттерін қойды.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте