Нұр-Сұлтан әуежайында ұшақтар кешігіп жатыр

Нұр-Сұлтан әуежайында рейстер кешігіп жатыр: сағат 6.05-те қонуды жоспарлаған мәскеулік борт, сондай-ақ Шымкент пен Алматыдан шығатын ұшақтар да бөгелді, Sputnik деп хабарлайды.

Air Astana әуе компаниясының Нұр-Сұлтан – Шымкент және Шымкент – Нұр-Сұлтан рейстері тоқтатылды: ұшақ елордадан сағат 7:50-де шығып, 12:30-да қайтуы керек еді.
Әлеуметтік желіде жолаушылар елорда әуежайында ұшақ қабылдауда қиындық болып жатқанын жазып жатыр.

Айта кетері, 15 ақпанда ауа райының қолайсыздығына байланысты елорда мен Қарағандыда бастауыш сынып оқушылары қашықтан оқытуға көшірілді.
Нұр-Сұлтанда қазір боран соғып тұр, Атбасарға баратын тасжол жабылды.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте