Денис Теннің анасы Ұлттық конькишілер федерациясынан кетті
"Ұлттық конькишілер федерациясы" республикалық қоғамдық бірлестігінің құрылтайшылары жалпы дауыс беру арқылы жарғыға өзгерістер енгізіп, вице-президенттердің лауазымдарын қысқартты, Sputnik деп хабарлайды.
Отырыс хаттамасында құрылтайшылар екі вице-президенттің қызметін ұйымдық құрылымнан алып тастауға бірауыздан дауыс бергені көрсетілген.
"Сонымен қатар, атқару комитетінің құрамына ұлттық құрамалардың бас бапкерлерінің орнына барлық жастағы командалармен жұмыс істеу, коньки тебу пәндерін насихаттау және бұқаралық спортты дамыту міндеті жүктелген спорт мамандарын енгізу туралы шешім қабылданды", - деп жазылған федерация сайтында.
Еске салсақ, бұған дейін Қазақстан Ұлттық конькишілер федерациясының жаттықтырушылар құрамы мәлімдеме жасап, федерацияның вице-президенті Оксана Теннің отставкаға кетуін талап етті.
Вам может быть интересно: «Невролог рассказала, почему при «омикроне» болит голова»