Алматы полицейлері тұрғыннан сегіз “Сайга” қаруын тәркіледі

Алматы полицейлері тұрғыннан сегіз “Сайга” қаруын тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бұл жолы Алматының Наурызбай ауданы тұрғынының сарайынан қару-жарақ, оптикалық көздеуіш және аңшылық құралдары сақталған орын табылды.

– Арнайы іс-шара кезінде 1984 жылы туған К.есімді азамат ұсталды, ол жедел іс-шаралар барысында ағымдағы жылдың 5 қаңтарында “Камерад” қару-жарақ дүкенін тонауға қатысқандығы, нәтижесінде 12-ші калибрлі тегіс ұңғылы сегіз мылтықты ұрлағандығы анықталды. Күдікті олжаны “жақсы уақытқа дейін” үйдің адамдарының көзінен алшақ, сарайда жасырғаны анықталды. Барлық қарулар тәркіленді. Оларға сараптама тағайындалды, – деді Алматы қалалық Полиция департаменті бастығының орынбасары Берік Әбілбеков.

“Камерад” қару-жарақ дүкенінен қару-жарақ пен өзге де мүлікті ұрлау дерегі бойынша қылмыстық істі Әуезов аудандық ПБ жанындағы полиция бөлімі тергеп жатыр. Күдікті қамауға алынды.

 

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте