Сазды өзенінің арнасын аршуға қатысты өзекті сұрақтар қаралды
Павлодар облысының дүкендеріне жеткізілетін әлеуметтік көкөністердің сапасы жөнелту кезінде тексеріледі
Жиында облыс әкімінің орынбасары Жақсылық Иманқұлов, Ақтөбе қаласының әкімі Асхат Шахаров, «Қазавтожол» АФ директоры Мырзабай Нұртазин және облыстық мәслизаттың депутаты Евгений Лазарчук болды.
Олар өңір басшысын жұмыс барысынан құлағдар етті.
Атап айтқанда, Сазды өзенінің Оңтүстік айналма көпірінен Елек өзеніне дейінгі аралығын кеңейту және бекіту жұмыстары жүргізілді. Бұл сол жердің шамамен 80 пайызын құрайды. 2020 жылы судың деңгейін ұстап тұру үшін төрт ұңғыма бұрғыланса, былтыр Ақтөбе қаласына қарай су жіберу үшін 1 шақырымнан аса жер қазылып, 3 мың м2 алаң қамыстан тазартылды. Аталмыш жұмыстар өзеннің Сәңкібай батыр даңғылынан К.Нокин көшесіне дейінгі арнасын толтыру үшін жүргізілді.
Облыс әкімі мәселені жан-жақты түсініп, судың ысырап болуын зерттеп, бір айдың ішінде жағалауларды қамыстан тазарту жұмыстарын бастауды тапсырды.
Оңдасын Оразалин: «Арна тартылып, жағымсыз иіс шықпас үшін оны сумен толтырудың барлық шараларын қабылдау қажет. Сараптама жүргізіп, қай жерде су барын, қай жерде алып тастайтын тіреу, заңсыз бөгеттер барын анықтау керек»,- деген бірқатар міндеттер қойды.
Вам может быть интересно: «Оңтүстік өңірлердегі суармалы жерлер бойынша шаралар қабылданады — Үкімет»