Қазақстан Елшісі Израиль Президенті Кеңсесінде келіссөздер өткізді
Қаңтар оқиғалары салдарынан зардап шеккен әскери қызметшілер «Ел қорғаны» медальдарымен марапатталды
Қазақстан Елшісі Сатыбалды Бұршақов Израиль Президентінің Сыртқы саясат жөніндегі аға кеңесшісі Цви Вапнимен кездесті.
Кездесу барысында Елші израильдік дипломатты Қазақстан Үкіметінің елдегі саяси және әлеуметтік-экономикалық жағдайды тұрақтандыру мен одан әрі дамыту бойынша қабылдап жатқан шаралары туралы хабардар етті. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шағын және орта бизнесті қолдау мен ынталандыруға, шетелдік инвестицияларды тартуға бағытталған бастамалары мен ұсыныстарын түсіндіруге ерекше назар аударылды.
Тараптар сондай-ақ Қазақстан-Израиль ынтымақтастығының жай-күйі мен болашағын талқылап, дипломатиялық қарым-қатынастардың орнағанына 30 жыл толуы аясында екіжақты байланыстардың дамуының оң сипатын атап өтті.
Биылғы жылы күзде АӨСШК Саммитін, сондай-ақ Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезін өткізуге байланысты тараптардың өзара іс-қимылы өте маңызды болып табылатындығы айтылды.
Елші Ц.Вапни Қазақстанға мемлекетті, экономиканы және қоғамды жан-жақты жаңғырту жөніндегі ауқымды күн тәртібін жүзеге асыруда сәттілік тіледі.
Вам может быть интересно: «Оңтүстік өңірлердегі суармалы жерлер бойынша шаралар қабылданады — Үкімет»