Жаңа туған нәресте тікұшақпен Екібастұздан Павлодарға жеткізді

 Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының жедел өтінім бойынша ТЖМ авиациясы «Қазавиақұтқару» Eurocopter H-145 тікұшағымен жаңа туған нәрестені Екібастұздан Павлодарға шұғыл тасымалдады. Бұл туралы Қазавиақұтқарудың баспасөз хатшысы Алмаз Ғабдуллин мәлімдеді.

Нәресте мамандандырылған неонатологиялық медициналық авиация бригадасы дәрігерлерінің сүйемелдеуімен Павлодарға тез және қауіпсіз жеткізілді. Сол уақыт бойы ол кувезде болды. Әуежайда бала медициналық бригадаға тапсырылды. Қазір ол дәрігерлердің бақылауында.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте