Үлкен және Кіші Талдыкөлде экопарк ашылады

Елордадағы Үлкен және Кіші Талдыкөлде экопарк ашылады. Жобаны жүзеге асыруға 1 миллиард теңге бөлінді, деп хабарлайды қала әкімдігі.

Кіші Талдыкөлдің су балансын сақтап және толықтыра отырып, рекреациялық аймақ құру бойынша жобалау-сметалық құжаттама әзірленіп жатыр.

"Су қоймасы бойында судың табиғи сүзілуін және қажетті экожүйені құруға мүмкіндік беретін тастан жасалған жағалау болады. Сондай-ақ су деңгейін сақтап әрі оттегімен біркелкі қанықтыру үшін биодренаж жүйесін ұйымдастыру және су айдынын аэрациялау көзделеді", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, серуендеу үшін де арнайы инфрақұрылым жасалады: жағалаудағы сулы-батпақты жерлерде террассалық жағалау салынады.

Үлкен Талдыкөлде өзінің экологиялық инфрақұрылымы болады. Көл жанында қорық және орман-саябақ аймағы бар еліміздегі алғашқы табиғи парк ашылады.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте