«Іргетасы құлағалы тұр, электр сымдары жанып кетті»: елордадағы апатты үйлерден 300-ден астам отбасы көшіріледі

Елордада тозығы жеткен апатты үйлерді сүру жұмысы жүйелі түрде жүргізіліп жатыр. Биыл апатты үйлерден 300-ден астам отбасы көшірілмек. Елорда әкімі Алтай Көлгінов бірқатар апатты үйді аралап, тұрғындармен үй мәселесін талқылады.

Дүкенұлы, 21 (Сарыарқа ауданы) мекенжайында орналасқан бес қабатты жатақхана 1966 жылы салынған. Бұл жатақханада 179 бөлме бар. Үйді тексеру кезінде нысанның 60%-дан астамы тозғаны анықталды, ғимарат апатты деп танылды. Бұл жатақхана сүрілетін үйлер тізіміне енгізілді.

Жатақхана тұрғыны Сәкен Әбдіқадыров атап өткендей, жатақхана іргетасы қирап жатыр, шатыры опырылып, сымдары жанып кетті, «кернеу тұрақтандырғыштарын қоямыз, өйткені электрмен жабдықтау іркілістері салдарынан техника жанып жатыр. Үй ескі, жертөле нашар күйде. Үйіміздің сүрілетініне қуаныштымыз».

«Сіздермен бір жыл бұрын кездесіп, барлық сұрақтарды талқыладық. Техникалық байқау өткізілді, үй апатты деп танылды. Үй сүрілмек. Мәселе мәслихатта қолдау тапты, тізімге енгізілді. Тұрғындар барлық құжаттарды ретке келтіруі қажет. Үйге көп адам тіркеудің қажеті жоқ, себебі пәтерлер адам санына қарап емес, шаршы метрге қарай берілмек. Әр пәтер бойынша сұрақтар қаралады», – деп атап өтті елорда әкімі Алтай Көлгінов.

Сонымен қатар, елорда әкімі Алтай Көлгінов Угольная көшесі, 12а (қазіргі Әл Фараби даңғылы, 27) мекенжайы бойынша орналасқан апатты үйдің тұрғындарымен кездесті. Бұл үйде 29 пәтер бар. Техникалық қорытындыға сәйкес, бұл үйдің 75%-ы тозған. Үй апатты деп танылып, сүрілмек.

Соңғы 3 жылда апатты үйлерден 700-ге жуық отбасы көшірілді. Сондай-ақ, елордада ТКШ жаңғырту бағдарламасы бойынша үйлерді жөндеу, лифтілерді ауыстыру, құрылысы ұзаққа созылған нысандарды аяқтау жұмысы жүргізілуде.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жеңілдікпен берілетін қолжетімді тұрғын үй құрылысының көлемі айтарлықтай ұлғайды. Биыл елордада 10 мың әлеуметтік пәтер салу жоспарланып отыр. Мысалы, 2018 жылы бұл көрсеткіш 1100 пәтерді құраса, 2019 жылы – 2900 әлеуметтік пәтер, 2020 жылы – 7 мың әлеуметтік пәтер салынды. Ал өткен жылы 10 мың әлеуметтік пәтер салынған болатын.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте