Сенаттың жаңа депутаты ант берді

Парламент сенатына депутат болып тағайындалған Бейбіт Исабаев ант берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының тұтастығы мен тәуелсіздігін нығайтуға, оның Конституциясы мен заңдарына қатаң бағынуға, депутат ретінде өзіме жүктелген мәртебелі міндеттерді адал атқаруға ант етемін", - деді сенатор Бейбіт Исабаев.

Сенат спикері Мәулен Әшімбаев Исабаевтың білікті және тәжірибелі мемлекет қайраткері екенін атап өтті. Ол сенаторды құттықтап, депутаттық қызметіне табыс тіледі.
Еске салсақ, 13 қаңтарда президент жарлығымен Бейбіт Исабаев сенат депутаты болып тағайындалды.

Бұған дейін ол президенттің Қазақстан парламентіндегі өкілдігінің басшысы қызметін атқарған.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте