Қазақстан жаңалықтар
31 января 2022, 09:01
Эпидахуалды бағалау матрицасы: Шымкент «қызылдан» «сары» аймаққа өтті
ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссиясы 2022 жылғы 31 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жариялады.
«Қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Атырау, Алматы, Ақтөбе, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Маңғыстау, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары.
«Сары» аймақта: Шымкент қаласы, Қызылорда облысы.
«Жасыл» аймақта: Түркістан облысы.
Айта кетейік, кеше, 30 қаңтарда «қызыл» аймақта тұрған Шымкент «сары» аймаққа өтті.
Өткен тәулікте коронавирус жұқтырғандар саны 7491 адамды құрады.
Вам может быть интересно: «Джонсон собирается удвоить число британских солдат в Восточной Европе»
Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент
текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Больше на Forbes