«Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы – 2021» байқауының жеңімпаздары анықталды

«Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы – 2021» байқауы жеңімпаздарының есімдері белгілі болды.

Республикалық конкурстық комиссия өз ісінің үздіктерін таңдады. Қазақстандық 45 ЖОО-ның 150 оқытушысы жеңімпаз атанды. Олардың әрқайсысы 2000 АЕК көлемінде сыйақы алатын болады, бұл шамамен 6 млн теңгені құрайды. «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы – 2021» байқауының жеңімпаздарына ақшалай ынталандырудан бөлек, төсбелгі де табысталады.

Конкурс жыл сайын оқытушылардың беделін арттыру және оларды одан әрі кәсіби дамытуға ынталандыру мақсатында өткізіледі.

«Конкурсқа еліміздің 76 жоғары оқу орнынан барлығы 718 үміткер қатысты. Конкурста электронды оқу ресурстарын, оқу материалдарын әзірлеу және жариялау, отандық және халықаралық журналдардағы ғылыми жарияланымдар, өнертабысқа патенттердің болуы және т.б. сияқты көрсеткіштер бағаланды, сондай-ақ үміткердің оқыту сапасы, оның бакалавриатта, магистратурада және докторантурада кадрлар даярлау қызметіндегі еңбегі бағаланды», – деп атап өтті Білім және ғылым вице-министрі Қуаныш Ерғалиев.

Айта кетейік, конкурс ҚР БҒМ ақпараттық жүйесінің базасында өтті, оның көмегімен қатысушыларда барлық кезеңнің ашықтығын бақылауға мүмкіндік болды. «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы – 2021» байқауына қатысу үшін өтінімдер мен құжаттар да электрондық форматта қабылданды. Бұл конкурсты өткізудің ашықтығын қамтамасыз етті. Сондай-ақ комиссия құрамында ҮЕҰ, БАҚ, студенттік және жастар ұйымдарының, ЖОО қауымдастықтарының өкілдері және білім беру саласындағы сарапшылар болды.

«Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы – 2021» атағы иегерлерінің тізімі.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте