Утилизациялық алым жинайтын «Оператор РОП» қызметі тоқтатылды
Қазақстан үкіметі "ӨКМ Операторы" ЖШС-ның (Оператор РОП) қызметін тоқтату туралы қаулы қабылдады, деп хабарлайды премьер-министр сайты.
"ӨКМ Операторы" ЖШС-нің утилизациялық алымды әкімшілендіру және тиісті қаражатты басқару аясындағы қызметі тоқтатылды. Утилизациялық алым қаражаты есебінен құрылған активтер мемлекет меншігіне берілді", - делінген хабарламада.
Өндірушілердің кеңейтілген міндеттемелерін әкімшілендіру функциясын мемлекеттік ұйым – "Жасыл даму" АҚ орындайды.
2021 жылдың соңында утилизациялық алым ставкасы мен көлік бағасына наразы болған қазақстандықтар утилизациялық алымды алып тастау талабымен петицияны іске қосты.
Ал жуырда президент Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметке утилизациялық алым ставкасын қайта қарауды және "Оператор "РОП-тың" қызметін тоқтатуды тапсырды. Президенттің пікірінше, бұл жұмыспен шет мемлекеттердегідей мемлекеттік ұйым айналысуы қажет.
Вам может быть интересно: «В ВОЗ опровергли слухи о том, что с «омикроном» пандемия завершится»