Қазақстан жаңалықтар
19 января 2022, 12:03
Жеке тұлғалардың банкроттығы туралы заң жобасы әзірленіп жатыр - Үкімет
ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов жеке тұлғалардың банкроттығы мәселесі жөнінде кеңес өткізді, деп хабарлайды primeminister.kz.
ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов «Жеке тұлғалардың төлем қабілеттілігін қалпына келтіру туралы» (Жеке тұлғалардың банкроттығы туралы) Заң жобасын әзірлеу мәселесі жөнінде кеңес өткізді.
Атқарылып жатқан жұмыс барысы туралы қаржы, әділет министрлері, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы, Ұлттық банк төрағасының орынбасары баяндады.
Үкімет басшысы Заң жобасын пысықтап, белгіленген тәртіппен Премьер-Министр Кеңсесіне енгізуді тапсырды.
Вам может быть интересно: «Мен Қазақстаннан ешқайда кеткен жоқпын – Назарбаев»
Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент
текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Больше на Forbes