Түркістан облысының блокбекеттерінде 863 заңбұзушылық тіркелді

Түркістан облысының блокбекеттерінде 863 заңбұзушылық тіркелді. 47 адамға төтенше жағдай режимін бұзғаны үшін айыппұл салынды, деп хабарлайды Түркістан облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

73 азаматқа ескерту жасалып, 2 адам әкімшілік қамауға алынды.

Блокбекеттерде 14 307 көлік тексерілді. 100-ден аса автокөлік айыппұл тұрағына қойылды. Полиция бөлімдеріне 1 220 адам жеткізілді.

ҚР ӘҚБтК 478-бабы «ТЖ жағдайында құқық тәртібін бұзуға итермелейтін іс-әрекеттер» бойынша 8 факті анықталды.

Бейбіт жиналыстар туралы заңды бұзудың 8 фактісі анықталып, 1 азаматқа ескерту жасалды, 6 адам қамауға алынды, 1 адамға айыппұл салынды.

 

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте