Аэрофлот әуе компаниясы Қазақстанға рейстерді қайта бастады

Ағымдағы жылдың 10 қаңтарынан бастап «Аэрофлот» әуе компаниясы Нұр-Сұлтанға рейстерді қайта бастады, деп хабарлайды ҚР ИИДМ баспасөз қызметі.

«Аэрофлот» әуе компаниясының Мәскеуден Нұр-Сұлтан қаласына алғашқы рейсі жергілікті уақыт бойынша сағат 10:35-те келді.

Нұр-Сұлтан-Мәскеу бағыты бойынша рейсті жергілікті уақыт бойынша сағат 12:05-те орындау жоспарлануда.

«Аэрофлот» әуе компаниясының рейстеріне билеттерді әуе компанияның сайтынан сатып алуға болады.

Рейстер санитарлық – эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып орындалады.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте