Головкиннің алдағы ықтимал жекпе-жегі туралы келіссөздер басталды
Golden Boy Promotions промоутерлік компаниясының президенті Эрик Гомес орта салмақтағы әлемнің экс-чемпионы, мексикалық Хайме Мунгия мен (38-0, 30 КО) орташа санаттағы IBF және IBO титулдарының қазіргі иегері Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) арасында өтуі мүмкін жекпе-жек туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап.
Эрик Гомес айтуынша, Хайме рингті GGG-мен бөлісуге асық, бірақ соңғы сөзді қазақстандық боксшы айтады. «Мунгияның арманы - Головкин. Біз алдын ала келіссөздер жүргіздік және жекпе-жекті өткізе алатынымызды болжап отырмыз. Барлығы Головкинге байланысты – ол мұны қалай ма, қаламай ма», – деп келтіреді EveryBoxing Twitter аккаунты Гоместің сөзін. Еске сала кетейік, Головкин келесі жекпе-жегін 2022 жылдың көктемінде өткізуді жоспарлап отыр, қарсыласы WBA Super әлем чемпионы Риота Мурата болмақ.
Ал Мунгияға келетін болсақ, оның рингке оралу жоспарлары әлі нақты анықталған жоқ.
Вам может быть интересно: «Алматыда карантин талаптары жеңілдетілді »