Алматының коммуналдық қызметі мереке күндері күшейтілген режимде жұмыс істейді

Алматыда қаланың коммуналдық қызметі мереке күндері күшейтілген режимде жұмыс істейді. 31 желтоқсан мен 9 қаңтар аралығында жедел және жөндеу персоналының тәулік бойы кезекшілігі ұйымдастырылды, деп хабарлады қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

Әкімдіктің хабарлауынша, "Алматы Су" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының су құбыры-кәріз кешенінің 24 апат бригадасы мереке күндері тәулік бойы жұмыс істейді. Жылу желілеріндегі апатты жою үшін жеті пайдалану ауданы, төрт жөндеу-құрылыс учаскесі қосымша жұмылдырылады.

"Алатау жарық компаниясы" АҚ кезекші бригадалардың тұрақты дайындығын қамтамасыз етеді. Мереке күндері кезекшілікте 17 жедел-көшпелі бригада, сондай-ақ 3 дизельді жылжымалы электр станциясы болады.

Коммуналдық қызметте мәселе туындаған жағдайда қаладағы жедел қызметтерге хабарласу қажет.

Жылу және ыстық сумен қамтамасыз ету:

Штаттан тыс жағдай туындаған жағдайда (су, бу шығарындылары "Алматы жылу жүйесі" ЖШС-ның апаттық-диспетчерлік қызметіне хабарласу керек: +7 (727) 378-06-65.

Сумен қамтамасыз ету және кәріз:

Су құбыры және кәріз желілеріндегі, судың ағуы немесе ашық құдықтарда штаттан тыс жағдай болса, "Алматы Су" тәулік бойы қызмет көрсететін диспетчерлік қызметіне хабарласу керек: +7 (727) 274-66-66, +7-771-852-91-01.

Суық сумен қамтамасыз ету мәселелері бойынша WhatsApp + 7 702 100 27 65 "сенім телефоны" жұмыс істейді.

Электрмен қамтамасыз ету:

"Алатау Жарық компаниясы" АҚ-ның байланыс орталығы: +7 (727) 356-99-99.

1-АЭЖ:

268-60-71, 268-60-74

2-АЭЖ:

375-25-44, 375-02-25

3-АЭЖ:

385-45-27

4-АЭЖ:

242-65-63

5-АЭЖ:

375-04-69, 375-28-00

6-АЭЖ:

272-23-66, 272-24-32

7-АЭЖ:

268-02-40, 268-02-48

Газбен қамтамасыз ету:

Газбен жабдықтауда проблемалар туындаған жағдайда 104 апаттық қызметіне хабарласу қажет.

Сыртқы жарықтандыру:

Көше шамдарына қатысты сұрақтар бойынша "Алматы қала жарық" МКК диспетчерлік қызметіне хабарласу қажет: +7 (727) 300-75-42/41.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте