Қанат Исламның келесі қарсыласы анықталды

Қазақ боксшысы Қанат Ислам (28-0, 22 КО) араға бір жыл салып рингке шығады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Қазақтың" келесі қарсыласы – британдық Джимми Келли (25-2, 10 КО). Жекпе-жек 2022 жылы 21 қаңтарда АҚШ-тың Флорида штатындағы Плант-Ситиде өтеді. Желіде бокс кешінің аңдатпасы жарияланды.

Ұлыбританияның Манчестер қаласында дүниеге келген Джимми Келли 29 жаста. Соңғы рет рингке 12 желтоқсанда шығып, отандасы Гарри Мэттьюсті (16-50-3, 2 КО) үшінші раундта нокаутпен жеңген.

2015 жылы Келли бірінші орта салмақтағы WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы титулы үшін таласқан. Бірақ Лиам Смиттен (30-3-1, 17 КО) техникалық нокаутпен ұтылды.

Ал қазақ боксшысы Қанат Ислам соңғы жекпе-жегін биыл ақпан айында өткізіп, эквадорлық Джейсон Миндты (14-5-1, 8 КО) жетінші раундта техникалық нокаутпен жеңді.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте