Қазақстан жаңалықтар
27 декабря 2021, 13:35
Жамбыл облысында балабақша қызметкері 54 млн теңге жымқырған
Жамбыл облысында 54 миллион теңге бюджет ақшасын ұрлаған балабақша қызметкері сотталды, передает Sputnik.
Қаржы мониторингі агенттігінің ақпаратынша, "Qamqor" әлеуметтік жобасы аясында Жамбыл облысы Сарысу ауданы білім бөлімінің "Ақбота" балабақшасында бюджет қаржысын жымқыру фактісі анықталды.
Балабақшаның бюджет жөніндегі жауапты қызметкері Д.Әбибуллаев қызметтік жағдайын пайдаланып, 2018-2021 жылдар аралығында өз шотына заңсыз ақша аударып келген. Осылайша ол үш жылда 54 миллион теңге бюджет қаражатын жымқырған.
Әбибуллаев сот үкімімен 6 жылға бас бостандығынан айырылды.
Шығынның бір бөлігі – 18 миллион теңге өтелді.
Вам может быть интересно: «Земан заявил о риске терактов в Европе из-за выхода США из Афганистана »
Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент
текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Больше на Forbes