Қазақстан жаңалықтар
27 декабря 2021, 12:49
Синоптиктер Қазақстанда 32 градус аяз болатынын ескертті
Қазгидромет желтоқсан айының соңғы күндері ауа райы қандай болатынын хабарлады.
Синоптиктердің болжамынша, солтүстік-батыс циклоны елдің солтүстігіне, солтүстік-батысына және шығысына әсер етеді. Соның әсерінен қар жауып, боран соғып, жел күшейеді.
Артынша суық ауа массалары ығысып, республиканың басым бөлігінде жауын-шашын тоқтайды, ауа температурасы төмендейді. Тек шығыс пен оңтүстік-шығыста ғана ауа райы құбылмалы болады деп болжанып отыр.
Республиканың солтүстік жартысында түнде термометр бағаны 25-32 градусқа дейін, орталықта 15-25 градусқа дейін, оңтүстік және шығыс өңірлерде 10-18 градусқа дейін төмендейді.
Әрі қарай оқу:
Вам может быть интересно: «Земан заявил о риске терактов в Европе из-за выхода США из Афганистана »
Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент
текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Больше на Forbes