Тоқаевтың қашан ревакцинация жасайтыны белгілі болды

Sputnik.kz - Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли Қасым-Жомарт Тоқаевтың қашан ревакцинация жасайтыныны айтты.

"Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың COVID-19 індетіне қарсы вакцинаны қайта салдыруына қатысты маған көптеген сұрақ келіп жатыр. Дәрігерлердің кеңесіне сәйкес, мемлекет басшысы келесі жылы қаңтар айында қайта вакциналаудан өтеді", - деп жазды ол әлеуметтік желідегі парақшасында.

Оның айтуынша, президент халыққа қолжетімді екпелердің бірін салдыратын болады.

 

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте