ҚР президенті жанындағы Жаппай қырып-жою қаруын таратпау мәселелері жөніндегі комиссияның отырысы туралы

Қазақстан Премьер-министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердінің төрағалығымен Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Жаппай қырып-жою қаруын таратпау мәселелері жөніндегі комиссияның кезекті 18-отырысы өтті.

Комиссия қызметінің мақсаты ядролық, химиялық және биологиялық қаруды таратпау саласындағы біздің халықаралық міндеттемелерімізді орындау және ел басшылығының осы саладағы жаһандық бастамаларын іске асыру бойынша ҚР мемлекеттік органдарының жұмысын үйлестіру болып табылады.

Комиссия елдің ядролық және биологиялық қауіпсіздігін нығайту, АЭХА Төмен байытылған уран банкінің жұмысы, экспорттық бақылау жүйесін нығайту, Ядролық қаруды таратпау туралы шарт Шолу конференциясына және Ядролық қаруға тыйым салу туралы шарттың 1-ші конференциясына қатысу мәселелерін қарастырды.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте