Атырау облысында жантүршігерлік жол апаты болды – 11 адам ауруханаға жеткізілді

Атырау облысында екі көлік бетпе-бет соқтығысып, 11 адам ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды "Мой город" порталы.

Жол апаты 18 желтоқсан күні кешкі сағат 18:30-да Доссор – Күлсары тас жолында Доссор ауылына жақын жерде болған. Volkswagen Sharan мен Ravon көліктері бетпе-бет соқтығысады. Бір көліктен түтін шыға бастаған, деп хабарлайды Sputnik.

"Бірақ автомобиль жанған жоқ. Тас жолының бойында қызмет атқарып жүрген медициналық құтқару бекетінің мамандары жарақат алған 11 адамды Доссор ауылының ауруханасына жеткізді", - дейді құтқарушылар.

Оқиға орнына өрт сөндірушілер, жедел жәрдем мен полицейлер барды. Қазіргі кезде оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Әзірше облыстық денсаулық сақтау басқармасы да, полиция департаменті де толық ақпарат бермей отыр.

 

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте