Қазақстан жаңалықтар
18 декабря 2021, 17:17
Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов "Береке" шағын ауданындағы үйдің кілтін табыс етті
Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы күні облыс әкімі Архимед Мұхамбетов "Береке"шағын ауданындағы жаңа пәтердің кілтін табыс етті.
Үйді “Нұрлы жер" бағдарламасы бойынша "БК-Строй" ЖШС салды. Бүгінде барлығы 300 отбасы көптен күткен баспанаға ие болды.
Архимед Мұхамбетов тұрғын үй құрылысының көлемі жыл сайын шамамен 13% - ға өсіп келе жатқанын хабарлады. Биыл облыста 449 мың шаршы метр тұрғын үй салынды.
- Тәуелсіздік жылдары Қостанай облысында шамамен 6,3 миллион шаршы метр тұрғын үй салынды, 63 мыңнан астам азамат тұрғын үй жағдайларын жақсартты. Тұрғын үйді пайдалануға берудің орташа жылдық өсімі 19% - ды құрады, - деп атап өтті өз сөзінде Архимед Мұхамбетов.
Вам может быть интересно: «Алматыда карантин талаптары жеңілдетілді »
Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент
текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Больше на Forbes