Қазақстан тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай әлем елдерінің көрікті жерлері жарықтандырылды
Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай шетелдегі белгілі ғимараттар мен көрікті жерлердің қасбеттері қазақстандық тудың түсіне боялды.
Олардың ішінде Канададағы Ниагара сарқырамасы, Мадрид мэриясының алдындағы Сибелес субұрқақ (Испания), Таллинн орталығындағы Бостандық алаңы (Эстония), Лондондағы ҚР елшілігінің ғимараты (Ұлыбритания), Тбилисидегі телемұнара (Грузия), Ада үстіндегі көпір және Бранков көпірі, сондай-ақ Белградтағы «Албания» сарайы (Сербия), Анкарадағы Сауда палаталары мен тауар биржалар одағының ғимараты (Түркия), Абу-Дабидегі ADNOC Tower ғимараты (БАӘ), Эр-Риядтағы Kingdom Tower (Сауд Арабиясы), Дохадағы Шератон қонақ үйі (Қатар), Мехикодағы Революция монументі және Тәуелсіздік мұнарасы (Мексика).
Американың Нью-Йорк, Филадельфия, Хьюстон, Гонолулу, Балтимор және Тампа қалаларының алаңдарында Қазақстанның туын көтерудің салтанатты рәсімдері өтті, ал Сан-Франциско мэриясының ғимараты қазақстандық тудың түсіне боялды. Сондай-ақ, еліміздің туы Быдгощ қаласының (Польша) ратушысында да көтерілді.
Вам может быть интересно: «Алматыда карантин талаптары жеңілдетілді »