Эпидемиологиялық ахуал оптимистік сценарий бойынша дамып келеді – Цой
Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой елде эпидемиологиялық жағдай тұрақты екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Жалпы коронавируспен ауыру оптимистік сценарий бойынша дамып келеді", - деді Цой үкімет отырысында.
Айтуынша, Қазақстанда соңғы айда вирус жұқтыру 3,1 есе, стационарлардағы және амбулаторлық емдегі науқастар саны 1,7 есе төмендеген.
Инфекциялық төсек-орын жүктемесі – 23%, реанимациялық төсек-орын қоры - 20%.
Эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сүйенсек, "қызыл" аймақта бірде-бір өңір жоқ.
"Сары" аймақта Нұр-Сұлтан қаласы, Ақмола, Қарағанды, Павлодар, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстары тұр.
Қалған өңірлер "жасыл" аймақта орналасқан.
Жалпы Қазақстанның өзі де коронавирустың таралуы бойынша "жасыл" аймақта тұр.
Вам может быть интересно: «Алматыда карантин талаптары жеңілдетілді »