ҚР Президентінің Жарлығымен Алматы қаласы ТЖД өрт сөндірушісі марапатталды
Жанып жатқан үйден 29 жастағы ер адамды құтқару кезінде көрсеткен ерлігі мен кәсібилігі үшін Алматы қаласы ТЖД қызметкері өрт сөндіруші-құтқарушы Нұрсұлтан Әбдікәрімов Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен марапатталды.
Марапатты Республика сарайында өткен шара барысында ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев өрт сөндіруші-құтқарушыға салтанатты түрде табыс етті.
5 мамыр күні түнгі сағат 02: 05-те Алматы ТЖД 101 пультіне Жетісу ауданындағы Жангелдин көшесі, 91 мекенжайындағы өрт туралы хабарлама келіп түсті. Өрт орнына дереу №8 өрт сөндіру бөлімінің күштері мен құралдары жіберілді, жұмылдырылған өрт сөндіруші-құтқарушылардың бірі Нұрсұлтан болған. Оқиға орнына 02:13-де жеткенде, шаруашылық құрылыстарының қызыл жалынға оранып, өрт жеке тұрғын үйге таралып үлгерген. Терезелерден қара қалың түтін мен от жалыны лаулап тұрды. Куәгерлердің айтуынша, отқа оранған жеке тұрғын үйдің ішінде адамдардың қалуы мүмкін болатыны анықталды. Өрт сөндіру басшысының командасы бойынша адамдарға барлау жүргізу және құтқару жұмыстарын жүргізу үшін газ-түтіннен қорғау қызметінің буыны құрылды. Құтқару жұмыстарын жүргізген топтың ішінде Нұрсұлтан да бар болатын.
Үлкен қауіпке қарамастан, Абдукаримов Нұрсұлтан жоғары температура мен еш көрінісі жоқ жағдайында әрекет ете отырып, газ-түтіннен қорғау қызметі буынының құрамында қалған адамдарды іздеу үшін тұрғын үйге кірді. Зардап шеккендерді іздеу жұмыстарын жүргізуді, төбенің опырылып құлауы қиындатты.
Осының бәріне қарамастан, азаматтық қорғау кіші сержанты Әбдікәрімов адамдарды іздеуді жалғастырды. Кенеттен аяқ астынан бір қозғалыс сезіп, Нұрсұлтан газ түтіннен қорғау буыны құрамында жанып жатқан және түтінделген үй-жайдан зардап шеккен адамды шұғыл эвакуациялауды бастады.
Осылайша, Абдукаримов Нұрсұлтан Жұмабайұлының ерлігі, батылдығы мен дұрыс іс-әрекетінің арқасында 1992 жылы туылған азамат құтқарылды, сондай-ақ өрттің одан әрі таралуына жол берілген жоқ, өрт жедел 30 минут ішінде оқшауланып, жойылды. Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 2 желтоқсандағы Жарлығымен көрсеткен ерлігі үшін және Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеуге байланысты Абдукаримов Нұрсұлтан Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен марапатталды.
Вам может быть интересно: «Алматыда карантин талаптары жеңілдетілді »