2021 жылғы желтоқсанда халықты сұйытылған мұнай газымен қамтамасыз ету туралы

ҚР Энергетика министрлігінде сұйытылған мұнай газы (СМГ) саудасына талдау жүргізілді, ол 2021 жылдың желтоқсан айына елдің ішкі нарығына СМГ-ны жеткізудің бекітілген жоспары аясында бөлінген болатын, деп хабарлайды ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі.

Министрлік реттейтін бағамен СМГ көлемдерінің ішінен (ҚҚС-пен 43 345 тг.) 42 525 тонна, ал электрондық сауда алаңдары (ЭСА) арқылы 95 118 тонна СМГ бөлінді.

2021 жылғы 8 желтоқсанда ЭСА-да өткізілген СМГ сауда-саттығының қорытындысы бойынша 80 117 тонна СМГ сатып алынды, бұл жеткізу жоспары бойынша бөлінген көлемнің 84%-ын құрайды.

Қалған 15 001 тонна негізінен СМГ сатып алуға өтінімдердің болмауына байланысты сатылмады. Сауда-саттықта СМГ көлемінің жетіспеушілігі тұтынудың маусымдылығымен байланысты, мәселен техникалық қасиеттеріне байланысты қысқы кезеңде бутанға деген сұраныс төмен болады. Бұдан басқа, автомобильдер мен тұрмыстық баллондарға СМГ құю көлемдері төмендеуде.

Алайда, ішкі нарықты пропанмен қамтамасыз ету мақсатында Министрлік «Теңізшевройл» ЖШС-мен кеңес өткізді, оның нәтижесінде ағымдағы жылдың желтоқсан айында ішкі нарықтың қажеттіліктері үшін қосымша 7 129 тонна СМГ көлемі бөлінді.

Жалпы алғанда, желтоқсан айының сауда сессиялары штаттық режимде өтті, нарықтық тетік өңірлердің СМГ-ға деген қажеттіліктерін реттеді, олар қазіргі уақытта өңірлер бойынша тиеп-жөнелтілуде.

СМГ-ның (8 желтоқсандағы жағдай бойынша) желтоқсан сауда-саттығындағы орташа өлшемді бағасы тоннасына 144 707 теңгені құрады, ал СМГ-ның орташа өлшемді бағасы қараша айында сауда-саттықта бір тоннасы үшін 152 194 теңгені құраған болатын. Осыған байланысты жанармай құю бекеттерінде автогаз бағасын көтеруге негіз жоқ екенін хабарлаймыз.

Бүгінгі күнгі жағдай бойынша республика көлемінде АЖҚС-тағы орташа бөлшек сауда бағасы сұраныс пен ұсыныс негізінде қалыптасады және бір литріне 111 теңгені құрайды.

Министрлік халықты СМГ-мен қамтамасыз ету мәселесін ерекше бақылауда ұстайтынын және ішкі қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін өңірлер СМГ-ның қажетті көлемімен қамтамасыз ету мақсатында барлық қажетті шараларды қабылдайтынын атап өтеміз.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте