Мереке күндері қосымша үш жолаушылар пойызы жүреді

«Жолаушылар тасымалы» АҚ алдағы желтоқсан мерекелері - ҚР Тәуелсіздік күні және Жаңа жыл қарсаңында қосымша үш жолаушылар пойызын іске қосады:

1) №202/201 «Нұр-Сұлтан – Нұрлы жол-Шымкент» пойызы Нұр-Сұлтан-Нұрлы жол станциясынан 2021 жылғы 15, 26, 29 желтоқсанда, 2022 жылғы 02 және 07 қаңтарда, кері Шымкент станциясынан 2021 жылғы 16, 27, 30 желтоқсанда, 2022 жылғы 03 және 08 қаңтарда жөнелтіледі.

2) №204/203 «Нұр-Сұлтан-Нұрлы жол-Алматы-1» пойызы Нұр-Сұлтан-Нұрлы жол станциясынан 2021 жылғы 15, 27, 29 желтоқсанда, 2022 жылғы 03 және 08 қаңтарда, кері Алматы-1 станциясынан 2021 жылғы 16, 28, 30 желтоқсанда, 2022 жылғы 04 және 09 қаңтарда жөнелтіледі.

3) №206/205 «Ақтөбе-Қызылорда» пойызы Ақтөбе станциясынан 2021 жылғы 14, 18, 24, 28, 30 желтоқсан, кері Қызылорда станциясынан 2021 жылғы 15, 19, 25, 29, 31 желтоқсан жөнелтіледі.

Бұдан басқа, жолаушылар тасымалдауға жоғары сұранысқа ие бағыттар бойынша қосымша вагондар тіркеу ұйымдастырылады.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте