Головкин ең көп соққы жасайтын боксшылар рейтингіне енді

IBF және IBO нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин (41-1-1, 36КО) ең көп соққы жасайтын әлем боксшылары қатарына кірді, деп хабарлайды ВКонтакте әлеуметтік желісіндегі «Қазақстанның кәсіпқой боксы» парақшасы.

Бокста соққыларды бағалаудың Compubox компьютерленген жүйесінің деректеріне сай, Головкин орташа алғанда, бір раундта 64,2 соққы жасайды. Бұл – орта салмақ санатындағы екінші көрсеткіш.

Бір раундта ең көп соққы жасайтын боксшы – рингте жеңіліп көрмеген мексикалық Хайме Мунгия (38-0, 30КО). Ол раундына 65,9 рет ұрады.

Бір раундта ең көп соққы жасайтын орта салмақтағы үздік алтылық төмендегідей:

Хайме Мунгия — 65,9;

Геннадий Головкин — 64,2;

Сергей Деревянченко — 63;

Деметриус Андраде — 53,4;

Риота Мурата — 50,3;

Джермалл Чарло — 47,1.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте