Жамбыл облысының әкімі Сапарбаев қанша жалақы алады

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев өзінің жалақысына қатысты сауалға жауап берді, деп хабарлайды Sputnik.

"Мемлекеттік қызметкерлердің жалақысы үкімет қаулысы негізінде еңбек өтіліне қарай белгіленетінін тағы да қайталап айтамын. Әріптестерім қанша жалақы алатын болса, сонша алып жүрмін", - деді Сапарбаев.

Айта кетері, бұған дейін Ulysmedia.kz басылымы Бердібек Сапарбаевтың еңбекақысы 865 180 теңге екенін хабарлаған болатын.

Ал Түркістан облысы әкімінің орынбасарының мәліметінше, өңір басшысы Өмірзақ Шөкеев 1 миллион 900 мың теңге жалақы алады.

Кейінірек Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова ай сайын 1,8 миллион теңге алып жатқанын айтты. Бүгінде ол облыс басқарып отырған жалғыз әйел әкім.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте