ҚР СІМ-де Болгарияның Елшісімен кездесу туралы

Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Ерлан Әлімбаев Болгарияның Елшісі Боян Хаджиевпен кездесті.

Достық пен ынтымақтастық рухында өткен кездесу барысында тараптар қазақ-болгар ынтымақтастығының негізгі бағыттары бойынша қазіргі жағдайы мен перспективаларын талқылап, сондай-ақ Қазақстан мен Болгария арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толуына орай 2022 жылға арналған екіжақты іс-шаралар кестесі белгіледі.

Кездесу қорытындысы бойынша сұхбаттастар сауда-экономикалық ынтымақтастық, туризм, білім беру және әуе қатынасы сияқты салаларда Қазақстан мен Болгарияның жаңа келісімдерге қол қоюға дайындықты белсендетуге уағдаласты.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте