Екібастұз ГРЭС-2-де №2 энергия блогын желіге қосу және нысанды кешенді сынақтардан сәтті өткізу нәтижесінде жөндеу науқаны толық аяқталды, «Самұрық-Энерго» АҚ Баспасөз қызметі деп хабарлайды.
Қазіргі уақытта Қазақстандағы ең ірі жылу электр станциясының бірі болып табылатын нысан 2 блоктық режимде жұмыс істейді. Екібастұз ГРЭС-2 нысанының белгіленген қуаты 1000 МВт және қолда бар қуаты 974 МВт жағдайында тәулік сайынғы орташа жүктемесі 900 МВт құрап отыр.
Станция электр энергиясын өндіру көлемі бойынша жылдық жоспарын орындады. 02.12.2021ж. жағдай бойынша жоспарланған көлем 5,818 млрд. кВтсағ болса, ГРЭС-2 5,866 млрд. кВтсағ өндірді. Өндірістің болжамды көлемі жыл қорытындысы бойынша 6,4 млрд. кВт. сағ. артық мөлшерде болуы мүмкін.
«Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ - белгіленген қуаты 1000 МВт болатын жылу электр станциясы, құрамында 500 МВт-тық екі энергия блогы бар.
«Самұрық-Энерго» АҚ – Қазақстандағы акцияларының 100% «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ға тиесілі аса ірі электр энергетикалық холдинг. 2007 жылы құрылған. Қызметінің негізгі бағыттары: электр және жылу энергиясын өндіру; электр энергиясын жеткізу, тарату және сату; энергетикалық көмір өндіру. Холдинг құрамына энергетикалық және көмір кәсіпорындары кіреді, оның ішінде «Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС, «Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ, «Богатырь Көмір» ЖШС, «Алматы электр станциялары» АҚ, «О.Д.Қантаев атындағы Мойнақ су электр станциясы» АҚ, «Шардара СЭС» АҚ және т.б. бар.
Вам может быть интересно: «ООН и партнеры проводят оценку потребностей при распределении помощи в Афганистане»