Польшада халықаралық Абай оқулары өтті

Слупск қаласындағы Помор академиясында Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Абай: философия, поэтика, рецепция» атты III халықаралық Абай оқулары өтті.

Ғылыми семинар Слупск қаласындағы Помор академиясының көп жылдық серіктесі – Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетімен бірлесіп Қазақстан, Польша және Украина академиялық топтары, сондай-ақ Гданьск қаласындағы Құрметті консулдығы өкілдерінің және студенттердің қатысуымен ұйымдастырылды. Семинардың ашылуында Помор академиясының проректоры, профессор Данута Герчиньска және Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің проректоры, профессор, ҚР Ұлттық ғылым академиясының корреспондент-мүшесі Ақтолқын Құлсариева сөз сөйледі. Помор академиясында Абай атындағы Қазақ мәдениеті мен ғылыми орталығының үйлестірушісі, PhD докторы Максим Пономаренко қазіргі таңда Орталықпен ұйымдастырылатын жобалар, соның ішінде ұлы Абайдың шөбересі Ләйлә Баймағамбетовамен эксклюзивті интервью дайындауы туралы айтып берді.

Іс-шара барысында қатысушылар «Әлем халықтарын біріктірудің жалпы гуманистік тұжырымдамасы ретіндегі Абайдың Толық адам туралы ілімі», «Абай антропонимінің қалалық ортадағы құрылымдық-семантикалық ерекшеліктері», «Абай аудармаларының қазақтардың мәдени санасын дамытудағы рөлі», «Абайдың Қара сөздері және адамның рухани әрекетін дамыту» және т. б. тақырыптарда ғылыми баяндамалар жасады.

«Абай оқулары» ғылыми семинары – Слупск қаласындағы Помор академиясында Абай атындағы Қазақ мәдениеті мен ғылымы орталығында жыл сайын өткізілетін халықаралық іс-шара. Абай орталығы 2019 жылғы 23 мамырда құрылды.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте